08.12.2021, 15:40

Мәжіліс қазақ тілі туралы заңды Тоқаевқа қол қоюға жіберді

Заңға енгізілген түзетулер көрсеткіштер мен жарнамалық маңдайшаларда негізінен қазақ тілін пайдалану қажеттілігін ұсынады.

Мәжіліс депутаттары көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізген сенат түзетулерімен келісті.

Заңға енгізілген түзетулер көрсеткіштер мен жарнамалық маңдайшаларда негізінен қазақ тілін пайдалану қажеттілігін ұсынады.

Бұл талап әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физикалық-географиялық объектілердің мемлекеттік тілдегі дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атауларына қолданылатын болады.

Осы талап мемлекеттік емес ұйымдардың мемлекеттік тілде, ал қажет болған жағдайда орыс және/немесе басқа тілдерде ұсынылуға тиіс бланкілері мен маңдайшаларына да қолданылады.

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмила Нұрманбетова комитет сенат түзетулерін қабылдап, құжатты президентке қол қоюға жіберуді ұсынғанын хабарлады.

Қазақстанда визуалды ақпарат туралы заң қалай өзгереді?

Заң жобасында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Теміржол көлігі туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Жарнама туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Байланыс туралы», «Ішкі су көлігі туралы», «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы», «Пошта туралы» және «Кинематография туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек.

Әзірлеушілердің пікірінше, заң жобасын қабылдау көрнекі ақпараттың дұрыс ресімделмеуіне және түпнұсқалы емес аударылуына байланысты әлеуметтік шиеленісті болдырмауға ықпал етеді. Сондай-ақ конфессия-аралық өзара іс-қимыл, дін мәселелерінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын сақтау үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Сенаторлар қандай түзетулер енгізді?

Заң жобасымен жұмыс барысында сенаторлар діни қызмет бағыты бойынша түзетулер енгізді. Атап айтқанда, мағыналық және құқықтық жүктеменің болмауына байланысты «діни мазмұндағы ақпараттық материал» ұғымынан «мәтіндік сілтемелерді қоса алғанда» деген сөздер алынып тасталды. Азаматтық құқықтар тек жеке тұлғаларға қатысты қолданылатындықтан, дінге деген көзқарасқа байланысты заңды тұлғалардың азаматтық құқықтарын қорғауға қатысты норма алынып тасталады.

Сенаторлар сондай-ақ ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабардар ету тәртібін айқындайтын заң жобасының 7-1 бабына нақтылау сипатындағы өзгерістер енгізді.

sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын instagramtelеgramfacebooktwitter  және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.