Алматыда Kcell Solutions ЖШС бұрынғы қаржы директоры 450 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҚР ҚМ Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті Kcell Solutions ЖШС-нің бұрынғы қаржы директорына қатысты жалған құжаттарды пайдалану арқылы жалпы соммасы 450 миллион теңге компанияның сенiп тапсырылған мүлкiн аса ірі көлемде жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
"Тергеу кезінде анықталғандай, компанияның бұрынғы қаржы директоры 2018 жылдың ақпан айы мен 2021 жылдың сәуір айы аралығында 258 миллион теңге ақша-қаражатын 5 компанияның есепшотына алдын ала түзілген жалған келісімшарттар мен бухгалтерлік құжаттар негізінде және өзінің айлық есепшотына негізсіз 192 миллион теңгені аударып, нәтижесінде қолма-қол ақшаға айналдырып жымқырған", - делінген хабарламада.