1990 жылы тулған азаматтың қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін 17:00 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаментінің ғимаратында қала аумағында бірнеше қымбат шет ел автокөліктерін айдап кету қылмысы бойынша күдікті ретінде жеткізілген азамат жауап алу барысында бірден өзін нашар сезінгенін айтқан. Сол кезде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақыртылған.
Дегенмен, жедел жәрдем келгенше, ес-түсін жоғалтқан азамат мезгілсіз қайтыс болды.
«Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментіне және қалалық прокуратураға хабарланды.Қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сараптама нәтижесі қосымша хабарланады»,- делінген Шымкент қаласының полиция департаменті таратқан баспасөз хабарламасында.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.