Жаңалықтар 09.12.2021 сағат 10:20

Бекболат Тілеухан Арон Атабекті «елбұзар» деп айыптады

Сондай-ақ депутат Арон Атабекті "қазақтың ақыны" деп атаған журналистке ашуланды.
Бекболат Тілеухан Арон Атабекті «елбұзар» деп айыптады
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан диссидент, ақын, марқұм Арон Атабекті "елбұзар" деп айыптады. Айтуынша, "Шаңырақ" оқиғасы кезінде Арон Атабек оның көмекшісі болғандықтан, депутат оның мүддесін қорғаған. Тіпті сол үшін ішкі істер министрі мен Алматының сол кездегі әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен кездескенін айтады. Алайда істің мән-жайып білгенде, өкінгенін жеткізді. Бұл туралы "Азаттық радиосы" хабарлады.

Бекболат Тілеуханның ойынша, 18 жылға сотталған ақынға берілген жаза әділ болған.

"Бәрі заң бойынша болды. Мен қасында болған жоқпын. Маған дәлел келтірді. Қоғамдық көмекшімді қорғадым, бірақ оның ісі қате болды. Сот дұрыс жасады. Адвокаттардың, тексерушілердің сөзіне қарасақ, бәрі заңды", - деді Тілеухан.
Депутат Атабектің сөзіне елпілдеп, эмоцияға берілгенін айтты.

"Ол қазақ үшін жүгірген жоқ. Белгілі бір саяси күштердің мүддесін қорғағанын білмедім. Өкініп қалдым. Сол кезде шын жүрегіммен халыққа жаны ашиды деп қорғадым. Кейін саяси құрал, диссидент екеніне көзім жетті", - деген Тілеухан марқұм Атабекті "елбұзар" деп айыптады.

Сондай-ақ депутат Арон Атабекті "қазақтың ақыны" деп атаған журналистке ашуланды.

"Ол - орыстың ақыны, орыс мәдениетінің өкілі. Адам қай тілде сөйлесе, сол елге қызмет етеді. Ол кісі қалмақтың дініндегі пұтқа табынушы болған. Жүрегі де, тілі де, діні де қазақша емес", - деп мәлімдеді Тілеухан.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар