$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде жеті полицей ДЦП-ға шалдыққан ер азаматты әкімдіктен қуып шықты

Тәртіп сақшыларының бұл әрекеті куәгерлердің наразылығын тудырды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде әкімдіктен жеті полицейдің мүгедек азаматты күшпен шығарған видеосы қызу талқыға түсті. Оқиға Өскемен қаласында болған. Тәртіп сақшыларының бұл әрекеті куәгерлердің наразылығын тудырды. Кейін ДЦП-ға шалдыққан ер азаматтың үйінің жанындағы аялдаманы қайтаруды талап етіп келгені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Ер адам әкімшілік ғимаратына жиі келеді екен. Ол үйінің маңындағы бұрынғы автобус аялдамасын қайтаруды талап еткен. Аялдаманы алыс жерге ауыстырғандықтан, мүгедектігі бар азаматқа жету қиынға соғады екен. Алайда бұл жолы тұрғын әкімдікте жанжал шығарған. Қызметкерлердің сөзінше, ол термометр мен есікті сындырған. 

Ер адам өз телефонын да бұзып алған. Ал полицейлер "Ұсақ бұзақылық" және "Билік өкілдерін балағаттау" бабтары бойынша әкімшілік іс қозғады. Егер сотта оның кінәсі дәлелденсе, 230 мың теңге айыппұл салынады немесе 20 тәулікке қамауға алынады. Сонымен қатар Өскемен қаласының әкімдігі демеушілердің ер адамға 110 мың теңге бөлгенін мәлімдеді. Бұл қаржы мәселесі шешілгенге дейін оның таксимен қатынауына арналған. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары