$ 494.87  520.65  4.91

«Адамдар шенеуніктерге саналы түрде пара беріп отыр» – Антикор басшысы

Көбінесе әртүрлі рұқсаттар алу, мемлекеттік қызметтерді алу, мемлекеттік сатып алулардағы жеңістер және т.б.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың айтуынша, елде адамның пара беруге мәжбүр болудың өзі жасанды түрде жасалып отыр. Сондай-ақ, бұл жағдай әдетке, өмірлік нормаға айналып бара жатыр.

- Сыбайлас жемқорлық схемалары күрделірек және жүйелі сипат алды. Бюрократиялық кедергілер әдейі жасалады, заңсыз баю мақсатында ережелер күрделендіріледі. Бұл ретте лауазымды тұлғалардың функционалдық міндеттерінде жауапкершілікті азайтатын олқылықтар қарастырылған, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Брифингте ведомство басшысы 2015 жылы «пара беру» бабы бойынша фактілер тіркелген қылмыстардың 10 пайызын ғана құраса, биыл оның үштен бірін құрағанын атап өтті.

- Адамдар шенеуніктерге саналы түрде пара беріп отыр. Көбінесе әртүрлі рұқсаттар алу, мемлекеттік қызметтерді алу, мемлекеттік сатып алулардағы жеңістер және т.б. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың барлық жүйесін қайта форматтау қажет, - деді Антикор басшысы.

Басқарма басшысы олардың салдарымен күресуден сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және қылмыстық схемаларды ашуға көшіп жатқанын жеткізді.

Orda.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары