$ 494.87  520.65  4.91

Ел үкіметі тағы 348 нысанды саудаға салмақ

Қаржы министрінің айтуынша, мемлекет меншігінде болған 112 нысан сатылымға қойылған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында алдағы уақытта 348 нысанды сату керек,  деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 733 нысанды сату көзделген. Есепті кезеңде сомасы 52 млрд теңгеге 197 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді, – дейді министр.

Қаржы министрінің айтуынша, мемлекет меншігінде болған 112 нысан сатылымға қойылған.

16 нысан қайта ұйымдастыруға және таратылуға жіберілді. Алдағы уақытта 348 нысанды сату керек, – деді Ерұлан Жамаубаев.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары