$ 494.87  520.65  4.91

Zoom арқылы қоңырау кезінде 900 қызметкерді жұмыстан шығарған басшы кешірім сұрады

Гарг Zoom арқылы жасалған бейнеқоңырау кезінде 900 қызметкерді жұмыстан шығарғаннан кейін үлкен сынға ұшыраған еді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Нью-Йорктегі Better.com ипотекалық компаниясының басшысы Zoom арқылы қоңырау кезінде 900 қызметкерді жұмыстан шығарғаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Компания басшысы Вишала Гарга жұмыстан шығарудың қажет болғанын айтады. Бірақ қызметін орындау барысында қателік жібергенін де мойындады. 

"Хабарды дәл осылай жеткізуім жағдайды одан әрі ушықтырғанын түсінемін. Бұл ісіме өкінемін және осы оқиғадан сабақ алып, сіздер қалаған көшбасшы болу үшін тырысатын боламын. Better компаниясына деген сіздердің адалдықтарыңыз біздің жұмысымызда маңызды рөл атқарады. Тұтынушылар үшін істеліп жатқан жұмыстарыңызға алғысым шексіз", - делінген фирма сайтында жарияланған хатында.

Гарг Zoom арқылы жасалған бейнеқоңырау кезінде 900 қызметкерді жұмыстан шығарғаннан кейін үлкен сынға ұшыраған еді. Жазба әлеуметтік желіде тараған соң Жаңа жыл алдында адамдарды дәл осылай жұмыстан шығарудың тым "қатал шешім" екені туралы пікірлер көбейген. 

"Өткен аптададағы әрекетім үшін кешірім сұраймын. Better компаниясына өз үлестерін қосқан азаматтарға тиісті құрмет танытпадым. Қызметкерлер санын қысқарту туралы шешімді мен қабылдадым, алайда хабарды жеткізу кезінде қателік жібердім. Осылайша сіздерді ыңғайсыз жағдайда қалдырдым", - деп жазды Гарг өз хатында.

Компания басшыларының бейнеқоңырау арқылы қызметкерлерін жұмыстан шығаруы алғаш рет емес. Мысалы, 2020 жылы Bird компаниясы Zoom арқылы қоңырау кезінде 2 минутта 406 қызметкерді қысқартқан. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары