09.12.2021, 20:27

Атырау облысында бір отар қойды пойыз қағып кетті

Машинис пойызды тоқтатқысы келгенімен, үлгермей қалған.

Атырау облысы Исатай ауданды қатты жылдамдықпен келе жатырған жүк пойызы бір отар қой-ешкіні қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Пойыз машинисі пойызды тоқтатқысы келгенімен, үлгермей қалған. 16 қой мен 4 ешкінің өлексесі темір жол бойында шашылып қалған.

“Оқиға “Қиғаш-Атырау” учаскесінде болды. Пойыз 12 минут тұрып қалды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылып, тексеру амалдарын жүргізді. Кейін жүк пойызы сапарын жалғастырды”, – деді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Қалижан Қобландин.

Полиция қызметкерлері малына бас-көз болмаған Аққыстау ауылының 61 жастағы тұрғынына 12 625 теңге айыппұл салды. Өлген қойлар мен ешкілер көмілді.