$ 448.15  483.46  4.86

Маңғыстауда қатты желден екі көлік аударылып қалды (ВИДЕО)

Облыс аумағында екі күннен бері шаңды дауыл мен қатты жел соғып тұр.

8 желтоқсанда Шетпе - Сай-Өтес тасжолында қатты желдің салдарынан екі көлік аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сағат 23:10-да «102» нөміріне Шетпе - Сай-Өтес тасжолында «Газель» маркалы екі көліктің аударылып қалғаны туралы хабар түсті. «Оқиға орнына патрульдік полиция ротасы кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ. Көлікті көтеруге трактормен көмектесті», - деді өңір полициясынан.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерден қатты қажеттілік болмаса, рульге отырмауын сұрайды. Еске салайық, кеше, 8 желтоқсанда Жетібай-Шетпе тасжолының 96-101 шақырымы аралығында шаңды дауыл салдарынан көлік кептелісі туындаған. Облыс аумағында екі күннен бері шаңды дауыл мен қатты жел соғып тұр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары