$ 494.87  520.65  4.91

Жедел жәрдем көліктері де кезек күтуге мәжбүр: Түркістан облысында жанармай жетпей жатыр

5 жанармай бекетіне бардым, бесеуінде де бензин жоқ.

Түркістан облысының жүргізушілері бензин таппай сандалып жүр. Көп жанар-жағар май құю бекеттерінде сұйық отын жоқ. Ал, барлары тек талонмен үлестіруде, деп хабарлайды  “Астана" арнасы.

Түркістан облысындағы жанармай құю бекеттерінде ұзан-сонар кезек. Тіпті жедел жәрдем көліктері де кезек күтуге мәжбүр.  

“5 жанармай бекетіне бардым, бесеуінде де бензин жоқ. Біреуінде кезек, көшеге дейін шығып кеткен. Sinoil-ға келсек, бұлар да 92-ні талонмен ғана беремі дейді. 95-ті 205-тен деп қымбаттатып жатыр. Енді қымбаттатудың амалын жасап жатыр ма түсінбедім”, – дейді облыс тұрғыны Қамбар Балқыбеков.

Облыс әкімінің орынбасары сұйық отынның тапшылығына Павлодардағы мұнай өңдеу зауытының уақытша жөндеуге тоқтап тұрғанын сылтау етті. Мәселені шешу үшін Шымкенттегі зауыттардың бірінен жанар-жағармай сатып алып жатырмыз деп ақталды. Жұмысы тұралап қалғандардың көбі - ұсақ май құю бекеттері. Бұған ақылы жолдар себеп деді Рашид Аюпов.  

“Энергетика министрлігі мен ШНОС-тың айтуына қарағанда мәселені 2 күнде толық шешеміз деген. Яғни бүгін немесе ертең бұл мәселенің бәрі шешіледі. Демалыс күніне дейін алыс орналасқан Мақтаарал, Шардара, Жетісай аудандарына жеткізетін боламыз. Қазір сұраныс кезінде жинаудың қажеті жоқ”, – дейді Рашид Аюпов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары