10.12.2021, 17:40

«Екі көзі көрмей қалды»: Зарина Омарова анасы үшін көпшіліктен көмек сұрады

Фото: ашық дереккөз
Желідегі оқырмандары мен өнер өкілдері шипа тілеп дұға етті.

Зарина Омарова анасының ауырып қалғанын айтып көптен көмек сұрады. Әнші анасы үшін дұға етуді сұрап, оқырмандарына жүгінді.

Зарина Омарова анасының қан қысымы көтеріліп, екі көзіне әсер еткенін айтады. Айтуынша, қазір жағдайы жақсы.

“Екі күннен бері өзімді қай жерге қоятын орын таппай жүрдім. Баланы анамен, ананы баламен сынамасын Алла. Анамның қан қысымы көтеріліп, екі көзі бұлдырап көрмей қалды. Бірақ қазір бірінші Алла қолдап, дәрігерлердің арқасында жақсы болып келе жатыр. Менің қымбатты оқырмандарым, көптің тілеуі қабыл болады дейді ғой, менімен бірге Алладан сұрайқшы тезірек жазылып кетсін деп”, – деп жазды әнші.

Желідегі оқырмандары мен өнер өкілдері шипа тілеп дұға етті.

“Тезірек жазылып кетсін мамаң”, – деді Маржан Арапбаева.

“Апама Алла қуат берсін”, – деп жазды Гүлнұр Оразымбетова.

“Алла тағала шипасын берсін анаңызға. Ғұмыры ұзақ болсын. Әлемдегі барлық аналар ауырмасыншы”, “Шаттықжан тез сауығып кетсін. Батыстың қыздары осал емеспіз, шамалыға болмаймыз. Жаным емі шипа болып, шауып кет”, “Алла анаңызға денсаулық берсін, тез жазылып жандарыңызда аман есен жүре берсін”, “Алла аналарымызға ұзақ ғұмыр берсін. Біздің қызығымызды көрсін”, – деп жазды олар.

Бұған дейін әншінің өзі көзіне ота жасатып, үлкейткен еді. Кейбір желі оқырмандары Алланың берген аманатына қиянат жасап, өз түріңді өзгертуге болмайды деп сын тақты.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.