$ 445.66  474.58  4.78

Қазақстанда қоқысты бөлек жинау талаптары бекітілді

Бұйрық 2021 жылдың 19 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қазақстанда қалдықтарды бөлек жинау талаптарын экология геология және табиғи ресурстар министрлігі бекітті, деп хабарлайды Stan.kz .

 Министрдің м.а. Ахметжан Пірімқұловтың бұйрығында барлық қалдықтар екі фракцияға бөлінген: 

1. Үй шаруашылықтарының қалдықтарына ұқсас сипаты мен құрамы бойынша тамақ қалдықтарынан, органикалық заттардан, аралас қалдықтардан тұратын "ылғалды" фракция;

2. Қағаздан, картоннан, металдан, пластиктен және әйнектен тұратын "құрғақ" фракция. 

Құжатқа сәйкес, облыс, республикалық маңызы қалалар мен елорда әкімдері қоқысты жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын ҚТҚ қатысушыларын анықтау үшін байқау ұйымдастыруы керек. Сондай-ақ, бөлек жинауға қажетті контейнерлердің қажетті санын ұйымдастырып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. 

Сондай-ақ, электрондық және электр жабдықтарын, құрамында сынап бар қалдықтарды, батареяларды, аккумуляторлар және өзге де декоммуналдық қалдықтарды бөлек жинап, мамандандырылған кәсіпорындарға қалыпқа келтіру үшін өткізілетіне құжатта жазылған. 

Қоқыс контейнерлеріне жанып тұрған, қызған немесе ыстық қалдықтарды, қар мен мұзды, ірі көлемді қалдықтарды, сондай-ақ, адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өзге де қалдықтарды тастауға тыйым салынған. 

Құрылыс қалдықтарын да бөлек жинау міндетті. Олар жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған немесе құрылыс алаңында тасталуы тиіс.

Бұйрық 2021 жылдың 19 желтоқсанынан бастап күшіне енеді. 
 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары