10.12.2021, 18:20

Алматы полициясы «несиелік амнистия» туралы жалған ақпарат таратқан адамды іздестіріп жатыр

Фото: ашық дереккөз
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, агенттіктен халық арасында "несиелік амнистия" жасау және қарыздарды кешіру туралы жалған ақпарат тарату дерегі бойынша арыз түскен.

Алматы полициясы Ұлттық банк "несиелік амнистия" жасайтыны туралы жалған ақпарат таратқан адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, дәл осы жалған ақпараттан кейін халық несиелерін кешіруді талап етіп, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ғимаратына баса-көктеп кіре бастаған.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, агенттіктен халық арасында "несиелік амнистия" жасау және қарыздарды кешіру туралы жалған ақпарат тарату дерегі бойынша арыз түскен.

"Қазіргі уақытта Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы қасақана жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол Қылмыстық Кодекстің 274-бабының 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылық белгілері бойынша жүргізіледі. Кінәлі адамдар жасаған әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар, Алматы полициясы азаматтарды жалған хабарламаларға сенбеуге және тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырады", - деді қалалық ПД баспасөз қызметі.