Атырау облысы әкімінің орынбасары мен өңірлік мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
БАҚ мәліметінше, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.
"Оларды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Нұр-Сұлтаннан Атырауға арнайы барған бір топ қызметкері ұстаған. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл пара оларға тендер үшін берілген", - деп жазды басылым.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.