$ 443.85  474.3  4.8

Полицейлер тергеу кезінде мерт болған жігіттің әкесіне ақша ұсынды

Сондай-ақ, ол полицейлерден қысым көрген біраз адам барын айтты.

Шымкентте полицейлер тергеу кезінде мерт болған жігіттің денесі сараптамаға кетпей тұрып, әкесіне ақша беруге ұмтылған.

Мұндай ақпаратпен зардап шегушінің адвокаты Талғат Есімов тікелей эфирде бөлісті. Оның сөзін тағы бір адвокат Виктор Кривоносов растады. Оның айтуынша, ол мәйітхана жанында сұмдық әңгіменің куәсі болған.

«Мәйітті сою жұмысы әлі басталмай тұрып, полиция қызметкерлері марқұмның әкесіне джип, ақша уәде еткен. Олар шағым айтпауын сұраған. Ұлынан айрылған әке «ұлым сатылмайды» деп оларды қуып жіберген. Меніңше олар тергеуге араласып, жауапты өзгерткісі келеді» деп болжады Виктор.

Сондай-ақ, ол полицейлерден қысым көрген біраз адам барын айтты. Бірақ олар туралы ақпаратпен бөліспеді.

Бірақ Telegram арналардың бірінде мынадай ақпарат жарыққа шықты:

Эфир кезінде марқұм жігіттің әкесі Ерғара адвокаттардың сөзін растады. Оның айтуынша, олар «мұсылманбыз ғой» дегенді алға тартып, оған көлік пен ақша ұсынған.

Полицейлер марқұм Нұрболаттың жақындары мәйітханадан кетпейінше, торуылдап жүргені анықталды.

Еске салсақ, 8 желтоқсан Шымкентте полиция тергеуінен кейін ер адам көз жұмған. Ол қымбат көлікті ұрлады деген күдікке ілінген.

Марқұмның әкесі полицейлер ұлын «ұрып өлтірді» дегенге сенімді.  

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары