$ 498.34  519.72  4.85

8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қарағанды облысының> батысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с артады.

«Қазгидромет» РМК 11 желтоқсан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысында> күндіз облыстың оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с артады.

Маңғыстау облысының> солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Түркістан облысының> солтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының> солтүстігінде тұман күтіледі.

Қарағанды облысының> батысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысының>солтүстігінде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының> орталығында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз Жарма ауданында күші 23-28 м/с артады.

Алматы облысында> желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Алакөл көлдерінің ауданында екпіні 29 м/с және одан жоғары көтеріледі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы