Мектеп оқушысы әлеуметтік жобалар сайысына қатысып, 1 миллион теңге жеңіп алған. Ол математика сабағында қолданатын есептеуіш құралды ағаштан жасап шыққан. Сайөтес ауылының кішкентай тұрғынына жобаны іске асыру үшін атасы көмектескен. Төртінші сынып оқушысы жеңіп алған қаржыны мектебіне сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tumba.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл қаржыға интерактивті тақта сатып алынды. Сонымен қатар мектепке гүл егуге арналған ыдыстар да сыйлаған. Оқушының айтуынша, білім ордасына деген алғысы шексіз және әрі қарай гүлдене беруін тілейді.
Азамат Тоқсанбай төрт жасынан бастап сандарды жаттауға қызыққан. Ол алғашқы есептеуіш құралын түрлі-түсті қағаздан қашықтықтан оқу кезінде жасап шыққан.
Азамат болашақта өз құрылғысын сатып, балаларға көмектесуді армандайды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.