12.12.2021, 09:05

Кәсіпқой бокс: Фируза Шәріпова әлемнің абсолют чемпионына есе жіберді (ВИДЕО)

Бокс кешін ұлыбританиялық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы ұйымдастырды.

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова жеңіл салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Кэти Тэйлордан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Ирландиялық файтердің бүкіл чемпиондық белбеуі сарапқа салынған жекпе-жек Ливерпульде (Англия) өтті. Бокс кешін ұлыбританиялық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы ұйымдастырды.

Жекпе-жек екі минуттық он раундқа жоспарланған және сол уақытқа созылды. Шәріпова Тэйлордың пайдасына 98:92, 97:92, 96:93 есебімен ұтылып қалды. Сонымен қатар, алтыншы раундта қазақстандықтан ұпайды алып тастады.

Шәріпова үшін бұл жеңіліс кәсіпқой бокстағы екінші жеңіліс болды. Алғаш рет ол бірінші жекпе-жекте жеңіліп, кейін 14 жеңіс сериясын қайталаған болатын.

Тейлор үшін бұл қатарынан 20-жеңіс болды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.