«Отбасы банкіндегі» салым белгіленген мерзімде және тек тұрғын үй несиесін алуға жұмсалуы керек.
Есепшотты ақшаны сақтау үшін ғана пайдалануға болмайды. Бұл ретте «Отбасы Банкінің» негізгі бағдарламаларында мынадай талап бар: қалаған баспана құнының кем дегенде 50 пайызын жинақтау қажет.
Бұл несие үшін қажетті сома жиналғанша шотты жүйелі түрде толтыру қажет дегенді білдіреді.
Мысалы, зейнетақы жинақтарының артығы 1 млн. теңге. Бұл сома «Отбасы банкіндегі» депозитке аударылады және үнемі толықтырылып отырады. Тұрғын үй құнының қажетті 50% жинау үшін үш жыл бар – осы уақыт ішінде несие алу керек.
Бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрыққа қол қойғаны туралы хабарлаған болатын, онда – қазақстандықтардың артық зейнетақы жинақтарын «Отбасы банкіндегі» депозитке аудару мүмкіндігі болды делінген.
«Отбасы банкі» 16 желтоқсаннан бастап депозиттерді толықтыруға дайын екенін айтты. Сонымен қатар, БЖЗҚ-да жеткіліктілік шектерінің қолданылу мерзімі 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылатыны да хабарланды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.