$ 449.58  486.94  4.86

Елімізде мерекеге орай қосымша 3 пойыз жолға шығады

Олар Нұр-Сұлтаннан Шымкентке қатынайтын №202/201 пойыздар.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында елордадан Шымкентке, Алматыға, сондай-ақ Ақтөбеден Қызылордаға қатынайтын қосымша үш пойыз қатынайды, деп хабарлады turkystan.kz.

Атап айтсақ, олар – Нұр-Сұлтаннан Шымкентке қатынайтын №202/201 пойыздар. «Нұр-Сұлтан – Шымкент» пойызы Нұр-Сұлтан «Нұрлы жол» станциясынан 2021 жылдың 15, 26, 29 желтоқсанында, 2022 жылдың 02 және 07 қаңтарында, кері Шымкент станциясынан 2021 жылдың 16, 27, 30 желтоқсанында, 2022 жылдың 03 және 08 қаңтарында жолға шығады.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтаннан Алматыға қатынайтын №204/203 пойыздар. Нұр-Сұлтан «Нұрлы жол» станциясынан 2021 жылдың 15, 27, 29 желтоқсанында, 2022 жылдың 03 және 08 қаңтарында, кері Алматы-1 станциясынан 2021 жылдың 16, 28, 30 желтоқсанында, 2022 жылдың 04 және 09 қаңтарында жөнелтіледі.

Ал үшіншісі №206/205 «Ақтөбе – Қызылорда» пойызы Ақтөбе станциясынан 2021 жылдың 14, 18, 24, 28, 30 желтоқсанында, кері бағытта Қызылорда станциясынан 2021 жылдың 15, 19, 25, 29, 31 желтоқсанында жолға шығады.

Ұлттық компания баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар көп пайдаланатын бағыттар бойынша қосымша вагондар тіркеу ұйымдастырылады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары