$ 494.87  520.65  4.91

«Жығылған кезде жұдырықтамайық»: Атышулы іске қатысты Хаменованың сіңлісі пікір білдірді

Ғайбаттың жеті атасын жаудырып, сансыз сауапқа ие қылып жатқан "тілеулестерге" де рахмет.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың сіңлісі Айнұр Хаменова пікір білдірді. Ол әпкесін ғайбаттап жатқандарды сынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Отбасымыз үшін жайсыз тиген оқиғаға байланысты қолдауларыңызды білдіріп, жылы сөзбен демеп жатқандарыңыз үшін бек рақмет! Ғайбаттың жеті атасын жаудырып, сансыз сауапқа ие қылып жатқан "тілеулестерге" де рахмет! Әке мен шешенің адал тәрбиесін көрген, ізгі істерімен талай жанның, талай игінің батасын, алғысын алған апам Бақытгүлге бір Алла өзі жар болсын”, –  деді Айнұр Хаменова.

Айнұр Хаменова “Ембімұнайгаз” АҚ баспасөз қызметінде жұмыс істейді. Ол жақын арады жақсы жаңалықпен бөлісетінін айтты.

“Алланың бергеніне қанағат" деген ұяда өскен апамның осы кезге дейін сүйенгені де, сенгені де — бір Алла. Екі баласына, туған-туыстарына көңіл бөлетін уақыты болмай, жауапкершілікпен еңбек еткеніне көбіңіз куәсіз. Әлі-ақ реттелер жағдай. Жығылған кезде жұдырықтамай, сүрінген сәтте сынамай, жай ғана адам болып, тілеулестік танытқан әрқайсысыңызға Алла разы болсын”, – дейді Хаменованың сіңлісі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. Олар 4 млн 500 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Кейін Хаменова үйқамаққа жіберілді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары