13.12.2021, 16:40

Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айтты

Фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Кентуккидегі жойқын дауылдың салдарынан АҚШ-тың бірнеше азаматының қаза болғаны туралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Кентуккидегі жойқын дауылдың салдарынан АҚШ-тың бірнеше азаматының қаза болғаны туралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай қиын-қыстау сәтте достас АҚШ халқымен біргеміз және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосыламыз", – делінген Президенттің жеделхатында.