$ 447.4  477.55  4.76

Бутаковка шатқалында 5 ағаш кескен азамат, енді орнына 100-ін отырғызатын болды

Ол жер телімін жоспарлау жұмыстарын жүргізу кезінде 5 ағашты кесіп тастаған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Алматыда Бутаковка шатқалында ағаштарды заңыз кескен азамат анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасының мәліметінше, басқармаға әлеуметтік желілер арқылы Бутаковкада ағаштардың кесіліп жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті. 

Басқарма мамандары аталған жерге барып, С.Долматов есімді азаматтың жер телімін жоспарлау жұмыстарын жүргізу кезінде 5 ағашты кесіп тастағанын анықтады. 

«Осыған орай құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жиырма есе көп ағаш отырғызу туралы кепілхат алынды»,- деп хабарлады басқармадан. 

Сонымен қатар, Іле -Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ақпаратына сәйкес, ерекше қорғалатын жасыл желек қорын реттеу тәртібі аталған Ережеде қарастырылмаған. 

Бұл жерде жұмыстар Орман кодексі мен орман қорын кесу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#орман #ағаш