$ 448.15  483.46  4.86

Алматы - Орал бағытындағы пойызда жолаушы келіншек босанып қалды

Әйел жүктіліктің 38-ші аптасында болған.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Оралдық дәрігер Лунара Ерғалиева Алматы - Орал бағытындағы пойызда жолаушы әйелді босандырды. Қалалық көпсалалы аурухананың акушері қажет құралдар мен дәрі-дәрмектерсіз көмектесуге тура келгенін атап өтті. Лунара Ерғалиева 7 желтоқсанда Алматыдан Оралға 052Х пойызбен келгенін айтты. Акушер жолсеріктің айтуымен, босанған әйелге көмектескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Әйел жүктіліктің 38-ші аптасында болған. Одан су кетіп жатты. Ауырсыну кешкі сағат 19-да басталған. 23:47-де салмағы 3,5 келі және бойы 53 сантиметр бала дүниеге келді. Спирттің орнына арақ қолданған. Тіпті фурацилин де табылған. Әсіресе, жолаушылардың бірінің стерильді медициналық қолғаптары болғанына қатты қуандым. Олар пайдасы көп болды. Босанғаннан кейін бірден салатын окситоцин болған жоқ. Оның орнына баланы кеудеге қойдық. Ақтөбе маңындағы жақын станцияда әйелді дәрігерлерге тапсырдық", - деді Лунара Ерғалиева.

25 жастағы Ақсай тұрғынының бұл - үшінші баласы. Оның айтуынша, босану мерзімінен бұрын болған.
"Маған 18 желтоқсанда деді, бірақ бұдан бұрын басталды. Бала мықты және дені сау болып туды. Оны Әлинұр деп атадық. Күйеуім қатты уайымдады, бірақ бәрі жақсы аяқталды. Екі қыздан кейін ұл тудым", - деді Ақсай қаласының тұрғыны Гүлназ.

"Босанған әйелге Құдайдың өзі осындай білікті акушер жіберді. Оның жұмыс тәжірибесі мол және қиын жағдайда көмектесе алды", - деді Орал қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Арман Мырзахметов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары