14.12.2021, 09:40

Қарағандыда сотталушы телефонды тік ішегіне тығып, түрмеге алып кірмек болған

Фото: stan.kz
Алайда оның құпиясы рентген аппаратында анықталып, түрме күзеті оны үлкен дәретке отырғызды.

Қарағанды облысында жазасын өтеуші колонияға ұялы телефонды тік ішегіне тығып алып кірмек болған, деп хабарлайды Stan.kz. 

Алайда оның құпиясы рентген аппаратында анықталып, түрме күзеті оны үлкен дәретке отырғызды.

Колониядағылар телефон қуаттағыш құрылғысы да бар деп ойлаған еді, алайда ол тік ішекте жоқ болып шықты. Ол осыған дейін тергеу абақтысында  болған азамат екен. Сот шешімі шыққан соң колонияға келген беті.

Өзімен бірге байланыс құралын да ала келіпті. Алайда түрмеге кірерде рентген аппаратынан өту керектігін білмесе керек. Ақырында айласы әшкереленген сотталушы 10 күнге тәртіптік изоляторға қамалды.