$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлда ұры ұрлық жасап жатып ұйықтап қалды

Сараптама қорытындысы оның мас екенін растады.

Петропавлда көлік тонап жүріп, қылмыс орнында ұйықтап қалған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Көзі ілініп кеткен қала тұрғынын автокөлік иесі көріп оятқан. Ол ашық тұрған көлікке жылынуға отырдым деп қашып құтылмақ болады. Бірақ жүргізуші қымбат құралдары мен автомагнитоласының ұрланғанын байқап, полицияға хабар берген.

Көше бақылау камералары көрсеткендей, күдікті ол заттарды таксиге салып жіберіп, өзі көлікке қайта оралып ұйықтап қалған. Сараптама қорытындысы оның мас екенін растады.

"Жедел басқару орталығының инспекторлары қала жолдарында таксиді тауып алды. Мекенжайға жеткенше оны патрульдік полицейлер тоқтатты. Ұрланған мүліктер тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Күдікті - бұрын сотталған 39 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бары анықталды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің инспекторы Нұрбек Баекин. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары