$ 446.49  475.38  4.79

Батыс Қазақстанда орман шаруашылығы инспекциясының басшысы қаза тапты: ол браконьердің құрбаны болды деген ақпарат тарады

Экология министрлігі оны қаруды абайсызда атып алған деген ақпарат таратса, қоғам белсендісі Сәкен Ділдахмет браконьердің шабуылынан кейін көз жұмды дегенді айтып отыр.

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің басшысы Серік Мәженов қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Экология министрлігі оны қаруды абайсызда атып алған деген ақпарат таратса, қоғам белсендісі Сәкен Ділдахмет браконьердің шабуылынан кейін көз жұмды дегенді айтып отыр.

«14.12.2021 ж. күні сағат 09:30 шамасында БҚО, Теректі ауданы, Ақжайық ауылынан шамамен 10-12 шақырым қашықтықта 02.07.1977 жылы туған БҚО аумақтық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы  Серик Сағындықұлы Маженов абайсызда қолданған қарудан көз жұмды.Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына және әріптестеріне көңіл айтамыз! Иманды болсын!» - делінген хабарламада.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары