$ 494.87  520.65  4.91

Мал қырылған өңірлерге шөп жеткізуге көмектескен Құрмет Талапқазы тегін оқитын болды

Құрмет Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының қуаңшылық аудандарына шөп жинап, жөнелтті.

Биыл жазда мал қырылған өңірлерге шөп жеткізіп көмектескен Құрмет Талапқазы тегін оқу құқығын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің Facebook-тегі парақшасы хабарлады.

"Білім және ғылым министрінің жоғары оқу орындары ректорларымен өткізген жиналысында Шымкент қ. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшылығына қала тұрғыны Құрмет Талапқазыға тегін оқу құқығын беру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды. Бүгін Құрмет Талапқазы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін оқи алады деген шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2021 жылдың жазында еліміздің батыс өңірлерінде мал өліміне себеп болған құрғақшылықта Шымкент қаласының тұрғыны Құрмет Талапқазы шөп шабу, сондай-ақ қуаңшылық өңірлерге азық жеткізу үшін қаражат жинау үшін еріктілер жұмысын ұйымдастырған болатын. Құрмет Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының қуаңшылық аудандарына шөп жинап, жөнелтті.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары