Бірнеше апта ішінде Оңтүстік Суданның шығысында белгісіз аурудан жүзге жуық адам қайтыс болды. Бұл туралы BBC News хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта Африка елінде нақты 89 азамат белгісіз аурудың құрбаны болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бұл жағдайды зерттеу үшін мақсатты топты Джонгли штатына жіберді. Ең көп өлім осы өңірде тіркелген. Тырысқаққа сынамалар теріс нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар, жергілікті билік аурудың асқынуынан қайтыс болғандардың саны ресми мәліметтегіден әлдеқайда жоғары деп санайды. Инфекцияның көптеген жағдайлары 2021 жылдың тамызында су тасқынынан қатты зардап шеккен аймақта анықталды.
ДДСҰ сарапшылары аурудың эпицентрлік аймақтарына тікұшақпен жетуге мәжбүр, өйткені олар құрлықта әлі қолжетімді емес.
Айта кетейік, тамыз айында Үндістанда шамамен 68 адам, оның ішінде 40 баланың белгісіз вирустық безгектен қайтыс болғаны хабарланған еді. Мұнда аурудың негізгі ошағы елдің солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатының батыс аудандары болған. Ал белгісіз дерттің өршуіне ең алдымен адамдардың санитарлық талаптарды сақтамауы себеп болғаны айтылған.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.