Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы KTK. арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
- Бүгін жұмыста жоқ. Ресми органдардан, соттан ешқандай қаулы келген жоқ. Егер сондай ресми құжат келсе, әкімдік тарапынан шешім қабылданады, деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Қалымбай.
Облыс әкімінің орынбасары Абай ескерткішіне бөлінген 150 миллион теңгенің 4 жарым миллионын алмақ болды деген күдікпен өткен жұмада қамауға алынған. Онымен қоса Атырау облыстық мәдениет басқармасының басшысы да ұсталған. Бірақ Ақылбек Рысқалиев өз кінәсін мойындағаны үшін қамауға алынбады. Ал сот Бақытгүл Хаменованың отбасы жағдайын ескере отырып үй қамаққа жіберді. Қос шенеуніктің басына бәле болған ескерткіш дайын екен. Салмағы бес тонна болатын монумент 16-желтоқсан күні ашылады деп жоспарланған. Алайда жұма күнгі жайсыз хабардан соң 27-желтоқсанға шегеріліпті. Бұл жобаның авторы 2019 жылы конкурс арқылы белгілі болған. Бір ай бұрын ғана «Балқыту» серіктестігімен келісімшарт жасалып, алғашқы 72 миллион теңгесі игеріліп қойған. Ал қалғанын келер жылғы бюджетке жоспарлаған екен.
- Абай Құнанбайұлының ескерткіші 2018 жылы ұсынысты қолдау негізінде Атырау облысы тарихи және мәдениет ескерткіші комиссиясында қаралды. Қолдау тауып, монументті өнердің жаңа құрылыс орнату жөнінде Нұр-Сұлтан қаласында қаралып қолдау тапты. Мүсіншінің авторы – Нарытов, - деді Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы басшысының орынбасары Толыбай Достыбаев.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.