Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 14 желтоқсан кешімен салыстырғанда 0,59 тиынға өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 435,43 теңге болды.
Ұлттық банктің 14 желтоқсандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 434,84 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 437,52 теңгеден сатылса, сатып алу – 439,12 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 436,84 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 438, 36 теңге.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.