$ 447.4  477.55  4.76

Елімізде автокөлікті сақтандыру тарифі өзгереді

Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында жол көлік оқиғаларының жиі орын алуына байланысты тариф бағасы қазіргі межеде сақталады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Белгілі болғанай, шығынға байланысты енгізілетін тариф пен бонус-малус қағидаты бойынша актокөлікті сақтандыру 2023 жылы қолданысқа енгізілуі мүмкін.

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарау кезінде елдегі автокөлік сақтандыру тарифы өзгеретіні белгілі болды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Мәжіліс отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова жаңа заңға сәйкес, міндетті автокөлік сақтандыру бойынша икемді тарифтеу жүйесі қалай енгізілетінін түсіндірді.

«Қолданыстағы сақтандыру тарифтері заңнамалық тұрғыдан 2007 жылы енгізілді және сол кезден бері жаңартылған жоқ. Икемді тарифтеу жүйесі Қазақстан өңірлері бойынша жолда болатын апаттарды ескеріп, сақтандыру тарифтерін автоматты түрде жаңартуға мүмкіндік береді. Жаңа заңға сәйкес екі коэффициент бойынша тарифтерді анықтау көзделген. Біріншісі, шығынға байланысты енгізілетін тариф болса, екіншісі, бонус-малус қағидаты бойынша іске аспақ. Біз икемді сақтандыру жүйесіне көшеміз. Бұл ретте өңірлердегі жол апаты жағдайын ескере отырып, шығынның орташа коэффициентін есептеуді ұсындық. Егер статистикаға қарайтын болсақ, соңғы 5 жылда сақтандыру шығыны мен жол көлік оқиғалары әр өңірде әрқалай екенін көріп отырмыз. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 20% болса, Алматы қаласында – 58%, Нұр-Сұлтан қаласында − 61%. Соған сәйкес, тариф бағасы да әрқалай болуы керек. Егер әлемдік тәжірибені ескеретін болсақ, сақтандыру шығынының орташа мөлшері – 65%. Бұл көрсеткіш сақтандыру қорларында белгіленеді. Егер өңірде жол апаты жағдайы аз орын алатын болса, сақтандыру қоры тариф бағасын төмендетуі тиіс», − дейді М. Әбілқасымова.

Оның айтуынша, жаңа заң жобасы күшіне енгеннен кейін жол апаты аз өңірлерде сақтандыру тарифінің бағасы төмендейді. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында жол көлік оқиғаларының жиі орын алуына байланысты тариф бағасы қазіргі межеде сақталады.

Белгілі болғанай, шығынға байланысты енгізілетін тариф пен бонус-малус қағидаты бойынша актокөлікті сақтандыру 2023 жылы қолданысқа енгізілуі мүмкін.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары