ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бүгін сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтеді.Президенттің Баспасөз қызметі @AkordaPress ресми аккаунтында осы іс-шарадан твит-трансляция жүргізеді. Салтанатты жиын сағат 21:30-де республикалық телеарналардан көрсетіледі», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.