Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин ел тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын!», - деп құттықтады ол Instagram-да қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
Бүгін Қазақстанның қасиетті әрі қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Осыдан 30 жыл бұрын 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңды қабылдаған еді.
39 жастағы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Ол 29 желтоқсанда WBA Super титулының иегері Риота Муратамен жекпе-жек өткізеді.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бұл жапон боксы тарихындағы жалпы бюджеті 15 миллиард иеннен (132 миллион доллар) асатын ең ірі жекпе-жек болмақ.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.