Жаңалықтар 16.12.2021 сағат 10:26

Қазақстанда тарихи тұлғалар бейнеленген монета айналымға шығады

TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық номиналдары 5 000 және 500 теңгелік күмістен және номиналы 100 теңгелік мельхиордан жасалған монеталар.
Қазақстанда тарихи тұлғалар бейнеленген монета айналымға шығады
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан Ұлттық Банкі "Тәуелсіз Қазақстанға - 30 жыл" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.

TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық номиналдары 5 000 және 500 теңгелік күмістен және номиналы 100 теңгелік мельхиордан жасалған монеталар. 

TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL монеталарының дизайны біртуар тарихи тұлғалардың портреттік бейнелері орналастырылған Тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы үлгідегі банкноттарының бірінші сериясымен символдық байланысын көрсетеді. Композиция визуалды портреттік қатарды аяқтап, мемлекет тарихындағы мерейтойлық кезеңді логикалық түрде білдіреді.

Монеталардың басты бетінде (аверсінде) номиналы, ҚҰБ логотипі мен монетаның металын, сынамасын және массасын білдіретін жазу орналасқан. Айналдыра - QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазуы бар.

Монеталардың екінші бетінде (реверсінде) - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, Қазақстан Республикасының картасы, портрет қатары, қазақ киіз үйінің (басқұр) декоры түрінде орындалған ою-өрнек таспасы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің ресми логотипі бар.

Монеталар:

- 925/1000 сынамалы күмістен, сапасы - proof, массасы - 933 грамм (30 унция), диаметрі - 100 мм, номиналы - 5000 теңгелік, дайындау таралымы 300 дана;

- 925/1000 сынамалы күмістен, сапасы - proof, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, номиналы - 500 теңгелік, таралымы  3 000 дана;

- МН 25 мельхиор қоспасынан, сапасы - рrооf-like, массасы - 15 грамм, диаметрі - 33 мм, номиналы - 100 теңгелік, таралымы 30 000 дана болып дайындалған.

Бұл монеталардың барлығы олардың белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға жатады.

Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлік сапа сертификаттары бар кәдесый орамында шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар