17.12.2021, 03:18

Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөз
Қатты жел соғып, тұман түседі.

Түнде және таңертең 17 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.

17 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 17 желтоқсанда түнде және таңертен тұман күтіледі. 

17 желтоқсанда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу борасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облысының солтүстігінде, батысында 15-20 м/с. 

17 желтоқсанда Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 17 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі. 

17 желтоқсанда Ақтөбе облысының батысында тұман күтіледі. 

2021 ж. 16 желтоқсан 20 сағ. 17 желтоқсан 20 сағ. аралығы 17 желтоқсанда Атырау облысының көп бөлігінде тұман күтіледі. Атырау қ.: 17 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. 

17 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қ: 17 желтоқсанда түнде тұман күтіледі. Туркестан қ: 17 желтоқсанда түнде тұман күтіледі. 

17 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. 

17 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ.: түнде 17 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

17 желтоқсанда Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

17 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ: 17 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

17 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облысының батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

6-18 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. 17-18 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ: 16-17 желтоқсанда тұман күтіледі.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.