17.12.2021, 19:37

Жапонияда өрттен қаза тапқандар саны артты

Фото: ашық дереккөзі
Осака ғимаратындағы өрттен 19 адам қаза тапты.

Жапонияның Осака қаласындағы ғимараттардың бірінде өрт салдарынан қаза тапқандар саны 19 адамға жетті. Бұл туралы Lenta.ru дереккөзге сілтеме жасап жазады.

Алдын ала ақпарат бойынша, ғимаратқа біреу от қойған болуы мүмкін. Куәгерлердің айтуынша, 60 жастағы ер адамның қағаз пакетінен ағып жатқан сұйықтық өртенген, ол өрт басталған кезде ғимараттың жанында болған.

Бұрын хабарланғандай, өрт кезінде 28 адам (17 ер адам, 11 әйел адам) зардап шекті, оның 27-сі ауыр жағдайда. Өрт жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10 шамасында басталды, ғимараттың төртінші қабаты түгелдей өртенді. Оқиға орнына 70-ке жуық өрт сөндіру және жедел жәрдем машиналары келді. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді.