Нұр-Сұлтанда ертең, 18 желтоқсанда өтетін бокс кешіне қатысушылардың салмағын өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао (15-1, 4 КО) жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Екі боксшы да жартылай орта салмақтағы лимиттен (66,67 келіге дейін) асқан жоқ. Даниярдың салмағы 66,4 келі, ал Хуанның салмағы 66,5 келі болды.
Елеусінов кейінгі жекпе-жегінде намибиялық Хулиос Индонгоны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, жартылай орта салмақта IBF Inter-Continental чемпионы белбеуін жеңіп алды.