Жаңалықтар 18.12.2021 сағат 05:27

Боран, жел, көктайғақ: Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Боран, жел, көктайғақ: Сенбіге арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Синоптиктер 18 желтоқсандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы, солтүстігінде Солтүстік-батыс циклоны ықпалымен жаңбыр мен қар жауады, жаяу бұрқасын соғады.

Республиканың қалған аумағында антициклон әсерімен жауын-шашын жаумайды.

Елдің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.

Ақмола облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі, түнде облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі, солтүстігінде жаяу бұрқасын көтеріледі, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Павлодар облысының солтүстігі, батысында тұман түседі, көктайғақ болады, түнде облыстың оңтүстігінде желдің күші - 15-20 м/с шамасында.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, желмен бірге жаяу бұрқасын соғады.

Атырау облысының батысында, күндіз басым бөлігінде - көктайғақ, облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысы, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, Батыс Қазақстан облысында – жаяу бұрқасын көтеріледі. Қызылорда облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, түнде Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жел қарқыны - 15-20 м/с.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар