$ 444.22  476.38  4.82

Ертең еліміздің бас шыршасы жағылады

Бас шыршаның биіктігі 25 метр.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі еліміздің бас шыршасы қашан жағылатынын айтты.

Әкімдіктің хабарлауынша, бас шыршаны жағу рәсімі 19 желтоқсан күні сағат 19:00-де ЭКСПО көрмесі аумағында, "Нұр Әлем" сферасы маңында өтеді.

Айта кетейік, биыл бас шыршаның биіктігі 25 метр болды. Бұл шараға елорданың барлық тұрғыны мен қонағы қатыса алады.

"Бағдарламада ресми және концерттік бөлім қарастырылған. Концерттік бағдарламаға қазақстандық эстрада өнерінің жұлдыздары қатысады", - делінген әкімдік хабарламасында.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары