$ 444.22  476.38  4.82

Нұр-Сұлтан-Қарағанды тасжолында бес көлік соқтығысты

Үш жолаушы зардап шеккен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан-Қарағанды тасжолында бір уақытта бес көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, 17 желтоқсанда сағат 14:13 шамасында Audi автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан-Қарағанды тасжолымен Армандастар көшесіне қарай бара жатып, қажетті қашықтықты сақтамай, Volkswagen көлігіне соқтығысқан. Volkswagen алда тұрған Škoda көлігіне соққан.

Артынша, Kia автокөлігі Audi-мен соқтығысқан. Audi қарсы қозғалыс жолағына шығып, Honda маркалы автокөлікке соққан.

Жол апаты салдарынан Volkswagen-нің үш жолаушысы дене жарақатын алды, олар ауруханада дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары