20.12.2021, 12:20

Нұр-Сұлтанда бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлаған

Фото: ашық дерекөз
Бұған дейін 27 жастағы күдікті инкассатор болып жұмыс істеп, терминалда ақша инкассациясын жүргізген.

Банкоматтан ақша ұрлады деген күдікпен жұмыстан шығарылған инкассатор Нұр-Сұлтанда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін 27 жастағы күдікті инкассатор болып жұмыс істеп, терминалда ақша инкассациясын жүргізген. Жұмыстан босатылғаннан кейін ол бір кілтті тапсырмаған.

"Кешкі уақытта бұзақы "Магнум" супермаркетіне келген. Терминалға келіп, аппаратты кілтпен ашып, 3 800 000 теңге сомасында ақша алған. Ақшаны сөмкеге салып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полиция қызметкері.

Күдікті ер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.