$ 444.22  476.38  4.82

Тоқаевтың тапсырмасы: Еліміздің барлық әуежайында цифрлық куәлік қолдануға болады

Ол үшін eGov mobile қосымшасын қолдану қажет.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасының барлық әуежайларында цифрлық құжаттар қызметі (eGov Mobile) енгізілді. Осы қызметтің арқасында ішкі рейстердегі жолаушылар жеке мәліметтерін растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық куәлігін көрсетуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Skifnews орталы. 

«Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile-да авторландырылған пайдаланушы "цифрлық құжаттар" қызметіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет. Әуежайдың тіркеу тағанында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет.

Ішкі рейстерде цифрлық жеке куәлікті пайдалану мүмкіндігі қазақстандықтарда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Азаматтық авиация комитетінің, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ның, Қазақстан Республикасының әуе компаниялары мен әуежайларының және "Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ-ның жүйелерді интеграциялау бойынша бірлескен жұмысының арқасында пайда болды», - делінген ведомство хабарламасында.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары