Жаңалықтар 20.12.2021 сағат 15:00

Пайдаланылмайтын көлік иелеріне салық рақымшылығын жасау ұсынылды

e-salyq Azamat қосымшасы арқылы 10 мыңнан аса жеке тұлға көлік салығын түзетуге өтінім берген.
Пайдаланылмайтын көлік иелеріне салық рақымшылығын жасау ұсынылды
Фото: Tengrinews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пайдаланылмайтын көлік иелеріне салық рақымшылығын жасауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Жұлдыз Сүлейменова e-salyq Azamat қосымшасы арқылы 10 мыңнан аса жеке тұлға көлік салығын түзетуге өтінім бергенін айтты.

"Әңгіме салық салынатын дүниелері жоқ тұлғаларға қатысты қате салық сомасын көрсету, берешек және басқа да сұрақтар төңірегінде болып отыр. Сонымен қатар, ақау неге болғанына жауап ретінде министрліктер қате жоқ екенін, барлығы дұрыс жұмыс істеп тұрғанын айтты. Барлық дерек уақтылы әрі дұрыс берілетіні, Қаржы министрлігі есептеуде қате жіберілмейтіні айтылды. Нәтижесінде көлік салығы мәселесі бойынша көрсеткіштерді беру бұл мәселені шешпейді. Жауап беруіңізді өтінемін, неге қате кетіп отыр?", - деді Сүлейменова.

Қаржы министрлігі басшысы екі министрлік салық төлеушілерге ескертпей миллионға жуық деректі жаңартқанын айтты.

"Мұнда көп қателік кеткен. E-salyq Azamat қосымшасы арқылы қандай мәселе туындағанын білеміз. Негізгі мәселе - адамдар бір-біріне сенімхат арқылы қайта сатуы, есептен шығармауы. Ұрланған көліктер әлі де бар. Халықтың бір бөлігі басқа мемлекеттерге көшіп кетеді, сенімхат арқылы сатып, есептен де шығармайды. Мұндай мәселелер бар екенін мойындаймыз. Біз ІІМ-мен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мысалы, қайтыс болған азаматтар немесе 60-70 жылдары басқа мемлекеттерге тұрақты тұруға көшіп кеткендер бар. Ескі автокөліктер бар, олар пайдаланылмайды немесе апатқа ұшыраған болуы мүмкін. Жарамсыз болғасын, олар қосалқы бөлшектерге жіберіледі. Осы бойынша Үкіметке ұсыныс тастаймыз, мүмкін рақымшылық жасау керек шығар. Олар тіпті іс жүзінде жоқ екенін білеміз. ІІМ-мен бірігіп, осындай жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді Ерұлан Жамаубаев.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар