$ 494.87  520.65  4.91

«Цой отставкасының Біртановтың ісіне еш қатысы жоқ!» - вице-премьер

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алексей Цой басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен кетті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Вице-премьер Ералы Тоғжанов Orda.kz тілшісіне мәлімдегендей, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың отставкаға кетуі Елжан Біртановтың ісіне байланысты емес.

– Әрине, ол маған ескертті. Жақында ғана. Қалыпты жауап берді. Бұл әркімнің қалауы. (Елжан Біртановтың) ісіне ешқандай қатысы жоқ. Бұл оның шешімі, – деп мәлімдеді вице-премьер.

Естеріңізге сала кетейік, 20 желтоқсан күні таңертең мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алексей Цой басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен кетті.

Президент Тоқаев Цойдын атқарған жұмысына, әсіресе Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде экс-министр әріптестерінің науқастардың игілігі үшін күнделікті еңбектері, таңдаған мамандығына берілгендіктері және қазақстандықтардың өмірін сақтап қалғандары үшін шын жүректен алғыс айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары