$ 494.87  520.65  4.91

Қайын жұртқа сәлем салған күйеубала елдің ашуын тудырды (ВИДЕО)

Күйеу жігіттің бұл әрекетін көпшілік сынға алды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ғаламторда күйеу жігіттің тойда иіліп сәлем салған сәті көптің талқысына түсті. Видеода қолына гүл шоқтарын ұстаған жігіт әлдекімдерге бірнеше мәрте иіліп сәлем салады. Аталған жағдай елдің ашу-ызасын туғызды. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ер жігіттің сәлем салып тұрған видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Күйеу жігіттің бұл әрекетін көпшілік сынға алды. Атам қазақта ер адамның қайын жұртқа иіліп сәлем салмайтынын айтты.  

"О, тоба жігіт ешқашан иілмейді, тек бас изейді. Намыс жоқ", "Бұл надандық, дәстүрді білмегендік". "Қай атамның салтында жігітке сәлем салдырған? ", — деп жазды желі қолданушылары.

Видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз. 


Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары