$ 494.87  520.65  4.91

Сиви Махмуди 10 жыл отасқан күйеуімен ажырасты

Сивидің экс-жарының есімі – Аңсар Қажымұқанұлы. Екеуінің екі ұлы мен бір қызы өсіп келеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Сиви Махмуди жеке өміріндегі жағымсыз жайтты жұртқа жария етті. Әнші 10 жыл отасқан күйеуімен ажырасқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шаңырақтың шайқалғанына 1 жылға жуықтаған. Алайда әнші бұл жаңалықты елге бірден айта алмаған сыңайлы. Күні кеше Сиви 10 жылға жуық отбасы үшін барын салғанын айтып, жан сырын ақтарды.

«Күндер зулап, айлар алмасып, жылдар жалғасып жатыр. Екі бөлек кеткенімізге 1 жыл болып қалды. Өнерімдегі жаңалықтарды бақылап жүрген жұрт жеке өмірімде не болып жатқанын қайдан сезсін?! Отбасымды қорғағым келді 10 жыл бойы. Ата-анамның үмітін ақтау үшін, балаларымның бағы бүтін болуы үшін барымды салдым. Ешкімді кінәламаймын. Бәрін кешірдім. Жылды осылай қорытындыласам да, Жаңа жылдан күтерім көп», – деп жазба қалдырды Сиви Instagram-дағы жеке парақшасында.

Сивидің экс-жарының есімі –  Аңсар Қажымұқанұлы. Екеуінің екі ұлы мен бір қызы өсіп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары