Бұған дейін балабақша тәрбиеленушілерінің Желтоқсан оқиғасына орай әзірлеген қойылымы әлеуметтік желіде кең таралған еді. Аталған видеоға байланысты бұрынғы депутат әлеуметтік желіде пікір білдірді, деп жазады turkystan.kz.
– Мынау енді артық сияқты… Бұл кезеңде балалардың психологиялық педагогикалық жас ерекшелігі – саяси мағынасын ұқпайды. Кім не үшін жазаланғанын емес, қайсысы жақсы – жаман екенін түсінбейді. Сонда қандай тәрбиелік мәні бар? Тек ата ана және әкімшілік үшін керек бұндай шаралар.
– Кеңес үкіметінің милитаризм идеологисы және казіргі Рессейде агрессиялық ұстанымы бұндай қойылымды жиі пайдаланады. Маңайдын барлығын жау көрсетіп, жас кезінен соғысқа дайындау, кім күшті билік сонда екенін дәлелдеу, – дейді ол.
Оның ойынша, жастарға бейбітшілік өмірді көрсетіп, әділдікті насихаттау керек.
– Ал біз жас ұрпаққа сәби кезінен бейбітшілік өмірді көрсетіп, әділдік пен заңдылықты құрметтеуді, ақыл оймен, өнермен, таланттармен басекелестікті насихаттағанымыз дұрыс. Сіздер қалай ойлайсыздар, – деп жазды ол.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.