$ 449.58  486.94  4.86

Жеңіл жүрісті әйелдерге теңеген: Қарағандыда жедел жәрдем дәрігерлері басшылықтан құтқаруды сұрайды

Дәрігерлер 1 жылдан бері жалғасып келе жатқан жағдайды денсаулық сақтау министрлігіне жазды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қарағандыда жедел жәрдем дәрігерлері Денсаулық сақтау министрлігінен араша сұрайды. Олар өздерін үнемі балағаттайтын басшылыққа шара қолдануды сұрап хат жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Ақ халаттылардың айтуынша, облыстық жедел медициналық көмек бекеті директорының орынбасары оларды тіпті, жеңіл жүрісті әйелдерге теңеген. Әдепке жатпайтын сөздердің біразын фельдшерлер диктофонға жазып алыпты.  Дәрігерлер енді жұмыста қудалау бастала ма деп қорқады.

Дәрігерлер басшылық ауысқалы 1 жылдан бері жалғасып келе жатқан жағдайды, облыстық денсаулық сақтау басқармасына талай жазған. Алайда нәтиже болмаған соң, тиісті министрлікке хат жолдапты. Бұдан былай әдепсіз сөздерге төзбейміз дейді.

«Негізі бұл жағдай ұят нәрсе ғой. Бізге өйтіп сөйлеуге еш қақысы жоқ. Көп жыл істеп жүрген дәрігерміз. 24 сағат аяқтан тік тұрамыз. Қыста да, ыстықта да бәріне шыдаймыз, көнеміз. Қиындыққа үйренген адамбыз. Әр нәрсенің де шегі бар», - дейді Қарағанды облыстық жедел медициналық көмек бекетінің аға кезекші дәрігері Гүлчехра Райымжанова.

Басшының ашуына егде жастағы науқастың өлімі себеп болған. Оны 1 күнде 3 рет шұғыл көмек шақырса да бригада ауруханаға апармаған. Кінәлілер жұмыстан шығарылған. Алайда ол іске қатысы жоқ қаншама адам сөз естіген. Облыстық жедел медициналық көмек бекеті директорының орынбасары Арман Байсұлтан сөгіс алыпты.

«Оперативтік бөлім қызметкерлерінің шағымы мен ұсынған материалдарының негізінде қызметтік тексеру жүргізілді. Нәтижесінде тәртіптік жаза ретінде сөгіс алды. Ол кісіге айтып түсіндірдік», - Қарағанды деді облыстық жедел медициналық көмек бекетінің директоры Зүлфикар Әбілқасымов.

Айта кетейік жедел жәрдем бекетінің басшылығына қатысты бұдан бұрын да бірнеше рет қызметтік тексеру жүріп, ақыры құқықбұзушылық анықталмаған болатын.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары